Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

10.05.2024ж. 20:00
331
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті. Мемлекет басшысы ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

Қалиасқар ЖАНТЕМІРОВ, АРДАГЕР:

Ағаларымыз С. Нұрмағанбетов, Р.Қошқарбаев, Қ.Сенбиновтың жүзге келгенін біз тойлап жатырмыз қазір. Олар бізге үлгі болып отыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлері азайып бара жатыр. Халқымызға ынтымақ берсін, елімізде тыныштық болсын. Бала-шағамыз аман болсын.