Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мәйіті тоңазытқыштан табылған егіздердің тірі қалған бауыры ауруханада жатыр

AstanaTV
15.09.2017ж. 20:00
1975
Мәйіті тоңазытқыштан табылған егіздердің тірі қалған бауыры ауруханада жатыр

Мәйіті тоңазытқыштан табылған егіздердің тірі қалған бауыры ауруханада жатыр. Ол  неврологиялық сырқатқа шалдыққан болуы мүмкін. Екі жарым жастағы бүлдіршіннің денсаулығын бақылауда ұстап отырған дәрігерлер осылай деді.  Балалар аурухасында үш күннен бері жатқан сәбидің денсаулығы қалыпты. Оған тиісті ем-шаралар жүргізіліп жатыр. Ары қарайғы тағдырының қалай боларынан дәрігерлер бейхабар.

Назгүл Асанова, №2 клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Бала қазір сөйлемейді. Неврологиялық тұрғыдан ауытқушылықтар болуы мүмкін. Қазір біздің дәрігерлер тексеріп жатыр. Керекті емін қабылдауда. Бала мемлекет меншігінде, оның ары қарай қайда баратынын жоғарыдағылар шешеді. 

Өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуін 2 айға қамауға алу туралы сот санкциясы шықты. Олар уақытша оқшаулау изоляторына жеткізілген. Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де кінәсын мойындап, сәбилерді қалай өлтіргенін тергеу алды эсперимент барысында әңгімелеп берді.