Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтау полицейлері қолына граната ұстаған азаматты қолға түсірді

AstanaTV
15.09.2017ж. 20:00
2184
Ақтау полицейлері қолына граната ұстаған азаматты қолға түсірді

Ақтау полицейлері арнайы операция барысында граната ұстаған азаматты қолға түсерді.  Оқиға түн жарымында болған. Күштік құрылым өкілдері спорттық киімдегі азаматты тоқтатып, қолындағы сөмкені тексергенде, ішінен жарылғыш зат шығады. Абырой болғанда, оның оқу-жаттығу жұмыстарына арналған граната екені анықталды. Суық қарудың  бұл азаматтың қолына қайдан түскенін тергеу амалдары анықтайды. Қазір сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынған. Қалалық ішкі істер департаменті операция барысында қару-жарақ қолданбағанын айтты.

Жәзира Әбіл, Маңғыстау облысы ІІД баспасөз хатшысы:

Аталған азаматқа ҚК 287-ші бабының 3-ші тармағы, яғни заңсыз қару жарақ сақтаған деген бап бойынша айып тағылды. Бұл бап бойынша азамат 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, немесе 5 мың АЕК есебінде айыппұл төлейді, немесе қоғамдық жұмысқа жегіледі. Қазір сотқа дейнгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ