Негізгі / Жаңалықтар / Астананың Арқаға көшкеніне 20 жыл толуына орай мерекелік шара өтті

Астананың Арқаға көшкеніне 20 жыл толуына орай мерекелік шара өтті

Атырауда Ел ордасы Астананың Арқаға көшкеніне 20 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. Махамбет Өтемісов атындағы қазақ драма театрының сахнасында Елорданың қалыптасу кезеңдері қызықты қойылым арқылы бейнеленді. Астананы Арқаға көшіру туралы тарихи маңызы бар шешім, алғашқы қадамдар, әлеуметтік нысандардың құрылысы, ауқымды жобалар мен жетістіктер. Не бәрі 20 жылда қыруар іс атқарылды. Сарыарқа төсінде ғажайып қала бой көтерді. Бүгін Астананы бүгіл әлем таниды. Қазақстанның өзге шахарлары әсем Астанаға қарап бой түзейді.

Ұзаққали Елубаев, ҚР қоғам қайраткері:

Сол жағалау қазір танымастай өзгерді. Астана қазір бүкіл дүниежүзі көз тігіп отырған үлкен саяси орталық болды деп айтуға болады. Діни қоғамдық үлкен бір дүниежүзілік форумы өтті, ОБСЕ-нің үлкен саммиті өтті - бұл да үлкен тарихи оқиғалар.

Жас Астана барлық бағыт бойынша табысты дамып келеді. Бас шаһардың бүгінгідей дәрежеге жетуіне үлес қосқан қайраткерлер Президент бастамасының жемісті болғаны барша халықтың жеңісі екенін айтады.