Негізгі / Жаңалықтар / Сауда "соғысынан" АҚШ ЖІӨ-нің 0,5 пайызын жоғалтуы мүмкін

Сауда "соғысынан" АҚШ ЖІӨ-нің 0,5 пайызын жоғалтуы мүмкін

Құрыш пен алюминийге салықтың өсуінен АҚШ-қа импоттаралатын тауар құны 35-40 пайызға қымбаттауы мүмкін. Оның барлығы 2 трлн доллар болатын тауарға қатысы бар. Салдарынан Вашингтон жалпы ішкі өнімнің 0,5 пайызын жоғалтады деп есептейді Fitch Ratings. Рейтингтік агенттік:  "АҚШ, Қытай мен  Еуроодақ арасындағы өзара іс-әрекеттер "макроболжамға" әсер ете қойған жоқ. Керісінше, жағдай ушыққан сыңайлы", - дейді. Германия канцлері Ангела Меркель аталған баж салығы Еуроодақ пен Құрама Штаттар арасындағы сауда "соғысына" әкелуі мүмкін деген. Еске салайық, АҚШ құрыш пен алюминий импортына баж салығын енгізді. Еуроодақ бұған жауап ретінде америкалық тауарларға салықты 25 пайызға өсірді.