Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Таиландта үңгірде қалған тағы екі бала құтқарылды

AstanaTV
09.07.2018ж. 20:00
2185
Таиландта үңгірде қалған тағы екі бала құтқарылды

Таиландта 2 аптадан бері үңгірде қамалып отырған балалардың тағы екеуі құтқарылды. Құтқару командасына сілтеме жасаған Гардиан басылымы хабарлады. Чианграй провинциясындағы құтқару операциясына жедел жәрдем көлігі мен медициналық тікұшақ тартылған.

Алайда Таиланд билігі екі баланың құтқарылғанын ресми түрде растамай отыр. Құтқару операциясының екінші кезеңі бүгін таңда бастаған. Оған 80 сүңгуір тартылған. Олардың көбі Ұлыбритания, Австралиядан келген шетелдік құтқарушылар. Бұған дейін олар 4 баланы үңгірден аман-есен алып шыққан еді.  Құтқарушылар жұмысына жаңбыр кедергі келтіріп тұр. Метеорологтар болжамы да жақсы емес. Айта кетейік, жасөспірімдерден құралған футбол командасы жаттықтырушысымен бірге үңгірде қамалып қалған болатын.