Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркияда тағы бірнеше қазақстандық қиын жағдайда қалған

AstanaTV
13.07.2017ж. 20:00
2339
Түркияда тағы бірнеше қазақстандық қиын жағдайда қалған

Түркиядағы қазақстандық туристер тағы да қиын жағдайға тап болды. Бұл жолы Кемер қаласында 20-дан астам жерлесіміз қонақ үйге орналаса алмаған. Аланияда демалып жатқан 8 отандасымыздың ахуалы да алаңдатарлық. Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, Анталиядағы дипломаттарымыз бұл жағдайды бақылауға алған. Келеңсіздіктерді қалпына келтіру шаралары қолға алыныпты.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Олардың барлығына да біздің Анталиядағы консулымыз тиісті көмек көрсетті. Қонақ үйлердің басшыларымен кездесіп, біздің туристеріміз демалыстарын жалғастыру бойынша тиісті келіссөздер жүргізілді. Қазіргі жағдай қалыпты.

Түркияда демалып жүрген қазақстандық 30-ға тарта туристің қиын жағдайда қалғанын кешегі жаңалықтарымызда хабарлаған едік. "ELITE CLASS" туристік фирмасының банкротқа ұшырауынан жат елде жүрген қазақстандықтар қонақ үйге жайғаса алмай қиналған. Алайда, еліміздің сыртқы істер министрлігі бұл келеңсіз жағдайды бақылауына алған болатын.