Негізгі / Жаңалықтар / Оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшіп барған отбасыларға тегін жер телімдері берілуі мүмкін

Оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшіп барған отбасыларға тегін жер телімдері берілуі мүмкін

Көші-қон мәселесіне қатысы бар министрлік басшылары Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың ауыл жастарының қалаға үздіксіз ағылуын төмендету керек деген сөзіне қатысты түсінік берді. Бірі бұл үдерісті тоқтату мүмкін емес десе, екіншісі жұмыс істеліп жатыр деді.

-Как вы расцениваете?  

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Как можно сделать это? Это естественный процесс, это невозможно остановить.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Біз қазір ауыл жастарын оқуға тартып, қай жерде жұмыс күші қажет болатын болса, сол жерге жұмысқа тарту мәселесін қарастырып жатырмыз, біздің бағдарламада да, жаңа концепциямызда да.

Министр Дүйсенованың жаңа концепция дегені - 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы. Бүгін құжат Үкіметте таныстырылды. Оған сай шетелдегі қандастарымыз оралман статусын алмай-ақ, Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Министр шетте жүрген этникалық қазақтармен байланыс күшейеді деп мәлімдеді. Ол үшін дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, қандастарымыз тұратын елдерде мәдени орталықтар ашылмақ. Өз саласында үздік атанған қазақтарды елге тарту үшін электронды база жасақталады және жұмысқа жеңілдетілген тәртіппен алынбақ. Сондай ақ, құжатта оңтүстіктен солтүстікке көшіп жатқан тұрғындарға қайтарымсыз жер телімін беру мәселесі де қаралған.