Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Осы аптада Астанаға В.Путин келеді

AstanaTV
10.10.2022ж. 20:00
1013
Осы аптада Астанаға В.Путин келеді

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин осы аптада Астанаға келеді. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады.

Көрші ел басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары кеңесінің отырысына, «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. Одан бөлек, Елордада өтетін халықаралық шараларға 11 елдің басшысы қатысады. Олардың арасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да бар.

Т. Әлжанов