Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қалаға кіріп-шығуды бақылау күшейтіледі

AstanaTV
10.10.2022ж. 20:00
1234
Қалаға кіріп-шығуды бақылау күшейтіледі

Бүгін түнгі сағат 9-дан бастап Астанаға кіріп-шығуды бақылау күшейтіледі. Стационарлық бақылау бекеттері қойылады. Ол жерде арнайы күштік құрылымдардан құрылған мобильді топтар тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл Елордада мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға байланысты қолға алынған. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады. Қаланың жаңа әкімшілік орталығында жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалыс уақытша ішінара шектеледі. Ал 13-14 қазанда мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

А. Серік