Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада ақын Марфуға Бектеміроваға ескерткіш тақта қойылды

AstanaTV
20.10.2022ж. 20:00
2327
Астанада ақын Марфуға Бектеміроваға ескерткіш тақта қойылды

Қазақтың ақын қызына ерекше құрмет! Астанада көрнекті тұлға Марфуға Бектеміроваға ескерткіш тақта қойылды. Жазушының есімі тасқа басылған тақта өзі тұрған үйдің қабырғасына орнатылды.

Марфуға Бектемірованың есімі талантты ақын ретінде белгілі. Өмірдегі ақ пен қараның, жамандық пен жақсылықтың, адамгершілік пен арамдықтың арасындағы қайшылық туралы ақын жазған өлеңдер талай жүректі тебіренткені анық. Өмірден ерте өтсе де, жазған әр өлеңі халық жадынан ұмытылмайды – дейді мәслихат хатшысы.

Ерлан КАНАЛИМОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қазақта бір керемет сөз бар. Жақсының аты, халықтың хаты ұмытылмайды, өшпейді, өлмейді деген. Сол сөздерді айта отырсақ, мына аға буындарға көмек көрсету, оларға ескерткіш ашу, осындай керемет ескерткіш тақталарын ашып, ескерткіш қою, сол кісілерге құрмет көрсету және сол кісілерге істеген еңбектерін бағалап, мынау біздің соларға деген ілтипатымыз шынайы.

Марфуға Бектемірова 1958 жылы 26 қыркүйекте Көкшетау облысындағы Еңбекшілдер ауданының Прогресс ауылында дүниеге келген. Ақын республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанған. «Мәдениет қайраткері» белгісімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Ақынның ескерткіш тақтасына жиналған жұрт оның жазбалары жас ұрпақтың тәрбиесіне көмекші құрал болады – дейді.

Берік ЖАКЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Апамыздың осы жерде талай сүбелі жазбалары жазылған. Сүйіне өмір сүриген жері. Ақ ордасы, ақ отауы. «Өлдім деп айтпа, артынан өлімсіз сөз қалды» деген Абай атамыздың сөзі бар. Сондықтан да апамыздың мынау артынан қалған талай сөздері, шығармалары әлі де елімізге, жасөспірімімізге, келе жатқан жастарға әлі қызмет жасайды.

Бұқара Марфуға Бектемірова қазақ поэзиясына тың тыныс, шалқар шабыт алып келгенін жарыса айтты. Оның жауһар жырлары сазды да назды сезімдерден өрілген – деді.

А. Задабек