Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды», - Е. Қошанов

04.09.2023ж. 20:00
778
«Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды», - Е. Қошанов

Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды. «AMANAT» партиясының Төрағасы партия активімен өткен кеңесте осылай деді. Ерлан Қошанов бұл Жолдау елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы екенін атап өтті. Енді сол бастамаларды іс жүзінде орындау үшін қоғам болып күш жұмылдыру маңызды екеніне тоқталды. Төраға партиялықтарға Президент айтқан проблемаларды шешуге атсалысуды тапсырды. Орталық аппарат пен өңірлік филиалдарының алдына бірқатар нақты міндет қойды. Енді Жолдаудың негізгі бағыттары «TALQYLAU» және «Bir Tolqynda» диалог алаңдары аясында талқыланады. Онда Партия Кеңестері өз ұсыныстарын айтады.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жолдаудың басты ерекшелігі Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды. Өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр. «AMANAT» партиясы осы мақсатты жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс деп санаймын. Өйткені, біз – Президентті және оның әділетті Қазақстанды құру жолындағы бастамаларын қолдауға міндеттеме алған партиямыз.