Ауа райы -
Басшылық
Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы

Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы

1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.

2004-2007 жылдар аралығында – «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі;

2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;

2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;

2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі;

2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры;

2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 

2017-2018 жылдары - Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары - "Қазақ радиолары" ЖШС директоры болып тағайындалды.

2019 жылдың 10 маусымынан бастап "Қазақстан "РТРК"АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.


2019 жылдың 1 қазанынан бастап "Астана" телеарнасының бас директоры.