1.1. Осы Келісімде келесі терминдер қолданылады:
Қолданушы - ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді қолданушы;
Келісім - Пайдаланушы мен құқықұстаушы арасындағы сайт және/немесе мобильді қосымшаларды қолдану ережелері жазылған құжат;
Сайт - «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесі арқылы қол жетімді ақпараттық жүйеде орналасқан электронды пішіндегі гипертекстті құжаттар, электронды санапшығару машиналарына арналған бағдарламалар жиынтығы;
Мобильді қосымша - планшет, мобильді телефон, смартфон немесе басқа да құрылғыға орнатып қолдануға арналған арнайы шығарылым;
Контент - сайт және/немесе мобильді қосымшалардағы сурет, текст, аудио және видеоматериалдар.
2.1. Осы Келісім пайланушы мен құқықұстаушы арасындағы сайт және мобильді қосымшаны қолдану жайлы ережелер жазылған келісім болып табылады;
2.2. Аталмыш ресурстар (сайт және мобильді қосымшалар) ақпараттық сипатқа ие;
2.3. Текстті материалдардың құқықтары қорғалған;
2.4. Толық немесе жартылай көшіруге, материалдарды пайдалануға тиым салынады. Пайдалану ұғымына келесі тәсілдер де кіреді: көшіру, өңдеу, таспада ойнату және басқа да тәсілдермен тарату;
2.5. Ақпараттық материалдарды (жаңалықтар) пайдалану кезінде ресурсқа сілтеме жасалуы керек;
2.6. Контент және сайт немесе мобильді қосымшаның басқа да материалдары тек Құқықұстаушыдан алдын-ала жазбаша түрде рұқсат алынғаннан кейін пайдаланылуы мүмкін;
2.7. Жарнаманың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
3.1. Пайдаланушымен сайт және мобильді қосымшаны пайдалану оның функционалды мүмкіндіктерімен реттеледі, оған келесі мүмкіндіктер кіреді: контентті қарау, online-эфирді көру, online-эфирді тыңдау;
3.2. Құқықұстаушы сайт және мобильді қосымшаны қолдануда қажетті шектеулерді қоюға құқылы (геодеректер – контенттің, online-эфирдің таралу аймағыы);
3.3. Сайт және/немесе мобильді қосымша әркез жаңаланып тұратындығына байланысты функционалдық мүмкіндіктердің сипаты мен пішіндері өзгеріп тұруы мүмкін;
3.4. Пайдаланушы сайт және/немесе мобильді қосымшаны тек заңды түрде қолдануға міндеттеме етеді;
3.5. Сайтқа және/немесе мобильді қосымшаға, компьютерлік жүйелерге, құпия кілттерге санкциясыз қол жеткізуге қатаң тиым салынады;
3.6. Пайдаланушы сайт және мобильді қосымшаны пайдалану кезінде үшінші жақтың құқығы бұзылуына алып келген өзінің заңсыз іс-әрекеттері бойынша үшінші жақ алдында өзі жауап береді және сайт пен мобильді қосымшаны пайдаланудағы заңды бұзбауына өзі жауап береді.
4.1. Осы Келісім өз күшіне сайтта жарық көргеннен кейін күшіне енеді.