Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жаңа Конституцияны қолдады

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жаңа Конституцияны қолдады

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жаңа Конституцияны қолдады. Президент төрттен бірі өзгеріске ұшыраған Ата заңа қол қойған соң, екі сағаттан кейін  Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы кезектен тыс отырыс өткізді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары бүгін еліміз үшін тарихи күн екенін айтты. Сондай-ақ, ол бір ай бойы барша қазақстандық Ата заңға енгізілетін түзетулерді қызу талқылағанын қатысушылардың назарына салды. Одан бөлек, Қазақстанның әр түкпірінде осы мәселеге қатысты ондаған мың кездесу ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында мыңдаған мақала жарияланғаны айтылды. Әлеуметтік желілерде де бұл тақырыптың бірінші орынға шыққаны назардан тыс қалмады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Бүкілхалықтық талқылау негізінде қабылданған жаңартылған Ата заңымызды бірлік пен келісім Конституциясы деп атауымыз керек. Бүгін осы тарихи құжатқа қол қою арқылы Елбасымыз бізге үлкен сенім артып отыр. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді осы сенім мен жауапкершілікті ақтауға жұмсауымыз керек.

Бүкілхалықтық диалог нәтижесінде ел тұрғындары мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде алты мыңнан астам ұсыныстарын жеткізген.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Парламентпен қабылданып, бүгін Президентпен қол қойылған Конституцияның 25 бабына 33 түзету енгізілді. Немесе Конституциялық реформа Ата заңның төрттен бірінің өзгеруіне әкелді.

Айта кетейік, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы еліміздегі 5 жетекші саяси партияны, 23 ірі қоғамдық бірлестікті біріктіреді.