Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңаөзендегі жеке үйде болған жарылысқа қатысты «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жауапқа нақты кімнің тартылатыны әзір белгісіз. Ол енді комиссия қорытындысынан кейін белгілі болады. Бір анығы-газ құбырында ақау болған.  

Ернұр ИБРАЕВ, «ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚ» АҚ МӨФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Иә, құбырдың су құбырымен қиылысатын аумағында механикалық зақым болғаны рас. Оны кім, қашан және қалай істегенін комиссия анықтайды. Құбырдың қызмет көрсету мерзімі әлі біткен жоқ. Ол 2005 жылы тартылған.  

Жаңаөзен әкімдігі жарылыстан зардап шеккен отбасыға баспана алып беру жағын қарастырып жатқандарын айтты. Жарақат алып, күйік шалғандардың жағдайлары ауыр. 56 жастағы әйелді ертең санитарлық ұшақпен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін оның баласын ұшақпен облыс орталығына апарған болатын. Өткен жұмада жеке үйдің бірінде табиғи газ жарылған еді. 

З. Санай