Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Коронавирустың емі табылғаны рас па?

Коронавирустың емі табылғаны рас па?

Күзде де карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова осылай деді. Бұл болжамды ол коронавирустың екінші толқынымен байланыстырды. Бұдан бөлек, жұқпалы ауруды жұқтырудың антирекорды орнатылды. Өткен тәулікте 311 адамнан кесел анықталған. Науқастардың басым бөлігі "Теңіз" кешенінің жұмысшылары. Сондай-ақ COVID-19-дың емі табылғаны рас па? Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады.

Атырауда короновирусқа қарсы күрес жұмыстары нәтиже бермей тұр. Мұнайлы өлкеде бүгін тағы 142 адамның қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды. Сонымен аймақты жұқпалы дертке шалдыққандардың жалпы саны 769-ға жетті. Оның 689-ы "ТШО-ның" жұмысшылары. Мұнда ем алып жатқан үш адамның жағдай нашарлап жансақтау бөлімін жатқызылған.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


5 күндей болды. Короновирус инфекциясын жұқтырған 3 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр. Үшеуі де теңіз кенішінің жұмысшылары. Біреуі 1954, 1982, 1981 жылғы  туған ер азаматтар.  Оларға өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.  Жалпы жан сақтау бөлімінде 4 науқас ем алған болатын.  Олардың ішінен біреуінің жағдайы жақсарып, жан-сақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылды.

Жаңадан кесел табылған жұмысшылардың барлығы науқастармен байланыста болған. Олардан вирус міндетті скрининг кезінде анықталыпты. Қазір мамандар қауіпті дерттің таралуын тоқтатуға күш салып жатыр. «Теңіз» кенішінінен 230 орындық инфекциялық стационар ашқан.  

Қостанай облысында да жағдай оңалар емес. Жітіқара қаласындағы «Қара бүркіт» қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлерінен де COVID-19 табылды. ПЦР диагностикалық зерттеулер 25 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Олар 21-ден 54 жасқа дейінгі қызметкерлер. Колония өкілдері ауырған адамдармен жақын байланыста болған көрінеді.

Асқар ӘЛМАҒАНБЕТ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Карантиндік іс-шаралар барысында қызметкерлер мен сотталғандар арасындағы байланыс барлық санитарлық-эпидемия нормаларына сәйкес жүргізіліп жатыр.100 пайыз тест алынды қызметкерлерден.Теріс нәтижесі бар қызметкерлер үй карантиніне жіберілді.Олардың орнына Қостанай облысындағы басқа да мекеме резервтерінен қызметкерлер іс сапарға жіберілді.


Халық арасында «Қара бүркіт» аталатын түрмеде 2004 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айрылған 287 адам жазасын өтеуде. Аса қауіпті қылмыскерлер арасында Арқанкергенде 15 кісіні атып тастаған Владислав Челах, он адамды опат қылған Руслан Күлекбаев секілді өмір бойына сотталғандар бар. Дегенмен вирус жұқтырғандар арасында қылмыскерлер жоқ. 

Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Вирус анықталғандардың ешбірі түрме аумағына кірмеген. Сотталғандармен байланыста болмаған. Егер жазасын өтеушілер арасынан вирус жұқтыру жағдайы тіркелсе, сол колония аумағында тиісті ем-дом шараларын қабылдайтын болады.

Нұр-Сұлтандағы 10 науқастың жағдайы ауыр. Сәуле Қисықованың айтуынша, жаңа жұқпалы ауруханағада 180 науқас жатқызылған. Елорданың бас санитарлық дәрігері сауда және ойын-сауық орталықтарының қашан ашылатынын айтты.

Жанна ПРАЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:


20-шы мамырдан бастап, қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтары жұмысын бастайды. Бірақ ондағы ойын орталықтары, фудкордтар мен кинотеатрлар ашылмайды. Қоғамдық моншалар ашылғанымен, бассейндерге рұқсат жоқ. Бұл мәселе қазір біздің тарапымыздан қарастырлып жатыр.

Пандемия әлемде де өршіп тұр. Дүниежүзі бойынша вирусты жұқтырғандар 5 миллионға таяды. Сондай-ақ АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сәтті сынақтан өтті. Десе де, бұл індеттің емі табылды деген сөз емес.

А. Данияр