Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысындағы арнаулы орталықты партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тексерді

AstanaTV
28.05.2020ж. 20:00
4101
Түркістан облысындағы арнаулы орталықты партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тексерді

Түркістан облысындағы №7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры «Nur Otan» қатарынан шығып қалуы мүмкін. «Nur Otan» партиясының жергілікті партиялық бақылау комиссиясы мүшелері аймақта арнайы тексеріс жүргізді.

Төлеби ауданындағы №7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленеді. Тізім бойынша 98 бала. Карантин кезінде 14 бала тәрбиеленіп жатыр. Бұл орталық туралы әлеуметтік желіде қызу пікір-талас жүріп еді. Пайдаланушылар «орталықтың күйі жоқ» деп жарыса жазған. Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері балалармен тілдесіп көрді. Тәрбиеленушілер уәжін жасырмады.

Қоғам белсендісі Ақмарал Омралинованың айтуынша, "Орталықта балалар шіріген көкөніс тұтынып, тәрбиешілерден жәбір көрген". Бұл аздай, биыл қыста екі жеткіншек электр жылытқышына күйіп қалған екен. Бұл ақпарат қоғамда дау тудырған еді. Бұл деректер тексеріс кезінде расталған.

Нұралы ӘБІШОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Желіде таралған баланың күйгені жөнінде ол да расталды. Ол да комиссияның справкасында жазылған. Одан кейін бухгалтерияда бар продуктылар мысалы қағаз жүзінде бар, оны барып тексергенде ол продукциялардың барлығы жоқ болып шығып жатыр. 

Бұл фактілер полиция назарында. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Орталықта кемшілік аз емес. Мекеменің талапқа сай еместігі өз алдына. Осы жағдайларға байланысты, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді. Жұмыста кемшіліктерге және қоғамда теріс пікір қалыптасуына жол бергені үшін мекеме директоры, партия мүшесі Динара Жантаеваны «партия қатарынан шығару» жөнінде аудандық филиалдың Саяси кеңесі Бюросына ұсыным берілді.

Нұралы ӘБІШОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Өздеріңіз білетіндей бұл жерде ол балдардың дені мүгедектер. Сол үшін бұл біздің ұсынысымызды әрі қарап толығымен орындалуы үшін облыстық «Nur Otan» партиясының және де жоғары тұрған аппарат бастығының қадағалауында болады. Ал енді бұл директорымыздың үстінен қарайтын департаменттің басшысының да біз партиялық бақылау жағынан оның үстінен жұмысты да көретін боламыз әлі.


Екі баланың күйіп қалуы мекемеде жылу мәселесі шешілмегенін көрсетеді. Мекеме әлі күнге көмірмен жылытылатыны белгілі болды. Ал, Төлеби ауданы болса газдандырылған аймақтардың бірі. Арнайы комиссия мүшелері, орталықтың басшылық құрамын түгелдей ауыстыру керек, деген тоқтамға келді. Орталықты білім басқармасы қарамағына ауыстыру қажет, деген ұсыныстар да айтылды.

А. Төребекқызы