Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтаулық құтқарушылар жағажайда жан тапсырған адамның денесін алып шықты

Ақтаулық құтқарушылар жағажайда жан тапсырған адамның денесін алып шықты

Ақтауда құтқарушылар мен еріктілер теңізде қалқыған адам денесін жағалауға алып шықты. Қайғылы оқиға кеше кешқұрым қаладағы жағажайдың бірінде болған. Су бетінде қалқыған адам денесін бақылау мұнарасындағы құтқарушы байқап қалған. Оны жағалауға шығаруға еріктілер де көмектескен көрінеді. Шаһар жағажайында жан тапсырған еркектің жасы 35-40 шамасында. Марқұмның жеке басы анықталуда.

Самат ТОПМОРИНОВ, ЕРІКТІ:

Жағалауға алып шығып,алғашқы медициналық көмек көрсеттік.10 минуттай кезең-кезеңімен қолымыздан келгенін жасадық. Кейін жедел жәрдем жетті.Дәрігерлер оның  жан тапсырғанын айтты.

Ал, елордалық полицейлер көшедегі көліктерге пышақ ала жүгірген мас адамның ұсталғанын хабарлады. Түн ортасында елді дүрліктірген ер адам жедел басқарма орталығының бейнебақылау камерасына іліккен. Оқиға орнына жеткен патрульдік полицейлер 29 жастағы қала тұрғынын Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізіпті. Күдіктінің қолында пышақ пен қайрақ болған. Полицейлер аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

З. Санай