Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Журналист, жазушы Жұмабек Шаштайұлының «Қызыл қар» кітабы жарыққа шықты

Журналист, жазушы Жұмабек Шаштайұлының «Қызыл қар» кітабы жарыққа шықты

Журналист, жазушы Жұмабек Шаштайұлының «Қызыл қар» атты кітабы оқырманға жол тартты. Сиясы кеппеген туындының тұсау кесеріне Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты. Бұл кітап, автордың 70 жылдық мерейтойына орайластырылды. Кеңестік кезеңде жазылып, саясатты сынағаны үшін қатаң сынға ұшыраған повест, Тәуелсіз елдің әдеби қорын толықтырып отыр. Кітапта, Кеңес дәуіріндегі малшылар тұрмысы кездегі сол кездегі қызыл жүйе бейнеленген.

Аида БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Дүйім жұртшылық өзіңізді бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен баспасөзін дамытуда өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген қарымды қаламгер, дарынды журналист ретінде таниды. Алдағы уақытта да өмір түйген тағылым-тәліміңізбен бөлісіп, қаламгерлік пен қайраткерлік қарымыңызды тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне жолдап, арнай беріңіз аға!

А. Кемелжан