Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Бауыржан Байбек Маңғыстау облысына іс-сапармен барды

Бауыржан Байбек Маңғыстау облысына іс-сапармен барды

Ақтауда құрылысы 2008 жылы басталған онкологиялық орталық ғимараты әлі күнге пайдалауға берілмеген. Бұған қажетті материалдардың уақытылы жеткізілмеуі себеп болыпты. Бұл туралы Бауыржан Байбектің Ақтауға жасаған іс-сапарында белгілі болды. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары диагностикалық кешен өңірдегі қатерлі ісікті емдеуге аса қажет екенін айтты. Сондықтан қажетті жабдықтарды тездетіп жеткізу қажет, деді.  Бауыржан Байбектің өңірге сапары жайлы келесі бейнематериалда.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің аймаққа сапары, елдегі аммиак селитрасын өндіретін жалғыз кәсіпорынның жұмысымен танысудан басталды. "ҚазАзот" серіктестігі өндіретін минералды тыңайтқыштарды отандық фермерлер кеңінен қолданады. Зауыт басшылары өндіріс қуатын жылына 400 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға сеп болмақ.

Бауыржан БАЙБЕК,  "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің партия әр қала, облыс және ауыл үшін 216 сайлауалды бағдарламасын дайындады. Бүгінде адамдар өздерінің тұрғылықты жерінің болашағына алаңдайды. Өз қалаларындағы жұмыстың қалай жүріп жатқанын бақылауға олардың құқығы бар. Депутаттар да осындай мүмкіндікті туғызуы қажет. Тұрғындардың шағымын тыңдап, мәселелерді шешуге барынша ат салысса елбасы айтқан бірлік пен тұрақтылықты мықты сақтай аламыз.

Партияішілік іріктеу кезінде Маңғыстау облысы бойынша 700-ден астам ұсыныс жиналып, олардың 411-інің жобасы бағдарламаға енгізілді. Бауыржан Байбек жергілікті депутаттыққа үміткерлермен кездесті. Жиында облыстың қай бағытта дамитыны сөз болды. Қатысушылар «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, праймериз қатысушысы Баян Жалмағанбетова инклюзивті орталықтарды көбейтуді ұсынып отыр.

Баян ЖАЛМАҒАНБЕТОВА, "NUR OTAN" ПРАЙМЕРИЗІНЕН ҮМІТКЕР:
 
Еліміздің әрбір өңірінде инклюзивті орталықтарды көбейту қажет. Мен осы жобаға бар күшімді салуға дайынмын. Праймеризге қатысу мүмкіндігі үшін "Nur Otan" партиясына үлкен рахмет.


Бауыржан Байбек мұнайшылар қаласының тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырған мәселелердің тындады. Негізінен денсаулық сақтау және білім беру проблемалары сөз болды. Сондай-ақ, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау, жол, аула алаңдарын салу және орталық сумен қамтамасыз етуде де қиындықтар бар. Партия бұл мәселелерді де сайлауалды бағдарламаны пысықтау кезінде ескереді, - деді Бауыржан Байбек.

Бауыржан БАЙБЕК , "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасы "Nur Otan" партиясы - нақты істер партиясы екенін атап өтті. Біз айтқан нәрселер міндетті түрде орындалуы керек. Біз ашық болуымыз керек. Жаңа адамдарды тарту да өте маңызды. 5-10 жылдан кейін адамдар өзгереді, ойлауы, жаңа мәдениет қалыптасады. Сондықтан мен ел тарихындағы алғашқы праймеризге қатысқан адамдарға алғысымды білдіргім келеді.

Жаңаөзенде 3 мыңнан аса жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Жастар мен қала тұрғындарын жұмыспен қамту сайлауалды бағдарламаларда да көрініс тапқан. Осылайша партия Төрағасының бірінші орынбасары өңірдің даму қарқынына оң баға берді.

Ғ. Өтемісов