Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Жаңаөзенде бірнеше медициналық мекеме жаңадан ашылды

AstanaTV
23.10.2020ж. 20:00
2540
Жаңаөзенде бірнеше медициналық мекеме жаңадан ашылды

Жаңаөзенде биыл жаңадан ашылып жатқан әлеуметтік нысандар арасында медициналық мекемелер де бар. Жуырда шаһарда көпбейімді кардиорталық есігін айқара ашты. Жаңаөзендіктер енді күрделі жүрек операциясын жасату үшін санавияция көмегіне жүгінбейтін болды. Бұдан бөлек мұнайшылар шаһарында наркологиялық орталық ашылып отыр. Жедел жәрдем бөлімі құрылысы да қарқын алған.

Жаңа наркодиспансер ғимараты түр-түсімен де ерекшеленеді. Оның өзіндік мәні бар. Дәрігерлердің айтуынша, қызғылт-сары түс науқастардың жүйкесіне жағымды әсер ететін көрінеді. Есірткіге тәуелді болып қалғандар мұнда емделіп қана қоймай сауықтыру курстарынан да өте алады. Бөлімде бір мезетте 30 адамға ем жасау мүмкіндігі бар. Емхана жанынан жыл соңына дейін жедел-жәрдем бөлімін ашу да жоспарланып қойған.

Сара ОРЫНБАЕВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Бұйырса бұл жерде бізде гараж болады автокөліктер үшін. Оның ішінде жаңағы авткөліктерге жуу арнайы орындары болады. Сондай-ақ кір жуу орындары болады. Енді қазіргі таңда бізде 125 қызметкер бар.


Инсультті-раенимациялық бөлім де жуырда күрделі жөндеуден өтті. Жоспарда хирургия мен травматология бөлімдерін жаңғырту тұр. Ал, жаңадан бой көтерген медициналық мекемелер арасында кардиологиялық орталықта болады. Жаңаөзендіктер енді бұрыңғыдай облысқа сабылмайтын болды.

Раушан ЖАПАРОВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ КӨПБЕЙІМДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде ол жерде кардиолог, кардиохирург мамандарымыз жұмыс жасайды. Мысалы мынау аса күрделі опрацияларды жасау жоспарланып отыр. Бұрыңғыдай енді сантитарлық авиациямен Ақтауға апаруды тоқтаттық. Оларға енді біздің өзіміздің дәрігерлер қызмет көрсетеді.

Жаңаөзен басшылығы бұл ауруханаларға білікті мамандарды елдің басқа аймақтарынан тарта бастады. Ол үшін дәрігерлерге жағдай жасалған. Кәсіби ақ халаттыларға қызметтік пәтер беріледі. Бұдан бөлек еңбекақыға қосылған сыйақы бар. Қосымша қаражатты жергілікті мұнай компаниялар бөліп отыр. Бұл үлкен серпін берді. Осының арқасында өңірде маман тапшылығы екі есеге азайды. Жақында айтпақшы Жаңаөзенде жаңа ПТР-зертханасы ашылуы тиіс. Бұл әлеуметтік маңызы жоғары нысандардың бәрі, "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы мен жергілікті мұнайшылар арқасына іске асып отырғанын айта кету керек.

Д. Мұхаммедкәрім