Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда жедел-жәрдем қызметкерлері мен дәрігерлер шу көтерді

Алматыда жедел-жәрдем қызметкерлері мен дәрігерлер шу көтерді

Алматыда жедел- жәрдем қызметкерлері мен дәрігерлері бүгін шу көтерді. Олар пандемия кезінде төленетін үстемеақыға қаңтардан бастап енгізілген өзгертулермен келіспейді. Жаңа өзгеріске сай, қосымша қаржы барлығына бірдей берілмейтін болған. Тек Covid-і бар науқасқа көмек көрсеткендерге ғана үстемеақы бар. Ақ халаттылардың базынасын тындаған әріптесім Әсем Лесбек тақырыпты тарқатады.

Пандемия басталғалы жұмысы көбейген жедел-жәрдем қызметкерлері, мәселелерін ашық айтуға бел буған сыңайлы. Олар үстемақының төлеу шартына енгізілген өзгеріспен кеше ғана құлақтанған.

Жазира МҰСТАФАЕВА, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ:


Кеше айтып отыр. Бірінші қаңтардан бастап поводтардың барлығын есептеп санап көреміз деді.  Былтыр нормально беріп жүрді.


Айгүл КІТАПБАЕВА, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ:

Былтыр індет басталғанна бастап, ешқандай шартсыз үстемақы төлеп отырды. Мамыр айында «себеппен ғана төленеді» деді. Яғни температура, тыныс алу қиындықтары бар пациенттерге барған дәрігерлерге ғана, үстемақы төлейтін болды. Ол кезде 14 себеп бар болатын. Желтоқсанда оны 5-ке қысқартып тастады. Енді қазір коронавирусы бар пациенттерге ғана барған дәрігерлерге төлейміз дейді.


Әйгерім ЕСДӘУЛЕТОВА, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ:

ДТП-ға баруымыз мүмкін. Инсультқа.Инфарктқа. Спец бригада ол кезде ешқандай ақша алмайды. Өйткені ОРВИға барған жоқпыз.  Әр сменге 50 мың теңгеден надбавка саналады. Общий 425 мың теңге. Сонда біз айына 8 сутка болса, 2 суткіде пневмания ұстасақ жүз мың ғана аламыз болды.

Үстемеақыға енгізілген өзгерістер негізсіз деген жедел-жәрдем қызметі, тіпті дерт ушыққан кезде де жағдай болмағанын жайып салды.

Ерболат КӨЛЕГЕН, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ:

Жүрек немесе судоргы без сознания деген мотивтерге өтемақы төленбестен бұрын оларға обаға қарсы костьюмдерде киілмейді. Сол үшін жәдел-жәрдемнен дәрігерлер массово жұқтыра бастады. Өйткені барған, без сознания жүрек поводтарына барған дәрігерлер түбінде коронавирус анықталып, пневманиядан қайтыс болған медиктер мен дәрігерлер болды.

Арызын айтуға жиналғандардың жанына жауапты мамандар да келді. Олар ай сайын қала бойынша шамамен 58 мыңға тарта шақыру түссе, оның 10 мыңы ғана коронавируспен байланысты болатынын айтты. Әрі «Барлығына үстемақы төлеуге мемлекеттің шамасы жетпейді. Сондықтан қаулыға өзгеріс енгіздік деп ақталды.
 
Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Бұл қаулы былтыр пандамия басталған кезде шыққан. Сол кезден бері үстемеақы барлық дәрігерлерге ешқандай шартсыз толық беріліп жүрді. Енді қаңтар айынан ережеге өзгертулер енгізілді. Онда «үстемақы диагнозға қарай төленетін» болды. Яғни науқастың диагнозына қараймыз. Барлық ауру түріне үстемеақы төленбейді.

Әйтсе де дәрігерлер Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларындағы әріптестерінің үстемеақыны ай сайын толық алып жүргенін уәж қылды.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШ:

Негізінен медицина қызметкерлеріне қауіптілігі аса жоғары, жоғары, орташа деген үш топ бойынша үстеме ақы төленеді. Ал шағымданған қызметкерлер бұл санаттың екінші және үшіншісіне сатысына жататын көрінеді. Сондақтан олар алған беттен қайтар емес. Енді олар қол жинап Президент пен Министрлікке хат жазбақшы.


Ә. Лесбек