Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан мен Корея арасында сотталған адамдарды беру туралы құжат мақұлданды

AstanaTV
25.02.2021ж. 20:00
1713
Қазақстан мен Корея арасында сотталған адамдарды беру туралы құжат мақұлданды

Кореяда сотталған қазақстандықтар, жазасын елде өтеуге мүмкін туды. Бұл туралы бүгін сенат отырысында белгілі болды. Сенаторлар Қазақстанның халықаралық шарттары туралы заңына өзгерістер мен толықтыру енгізуді көздейтін заң жобасы мақұлданды. Екі ел арасында бұған дейін де құқытық көмектер көрсету шарттары бойынша ратификациялау жүргізілген болатын. Алайда, осы жолғы келісім-шарт сотталған адамдарды беру шараларын көздеп отыр. Ресми мәліметке сүйенсек, Кореяда 35 мыңға жуық қазақстандық бар. Олардың ішінде 24 мың адам заңды түрде тұрса, 11 мың отандасымыз заңсыз жүр. Бұдан бөлек, сол жақта жаза өтеп жатқан қазақстандықтар да аз емес.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрине, өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Мысалы, қазір Кореяда 20 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Ал, бізде сотталған бір Корея азаматы бар. Ұсынып отырған келісімге ратификация жасалған жағдайда бұл азаматтарды елге қайтаруға мүмкіндік туады.

Б. Сатуов