Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өрт сөндіру бекеттерінің құрылысында заңсыздықтар анықталды

AstanaTV
26.02.2021ж. 20:00
1572
Өрт сөндіру бекеттерінің құрылысында заңсыздықтар анықталды

Алматыда жаңадан салынып жатқан екі өрт сөндіру бекетінен, құрылыс нормаларын бұзатын фактілер анықталды. Нысандардардағы жағдайды тексеруге нұротандық депутаты Ерболат Қасымов барды. Мәслихат депутаты нысанның монолитін құю кезінде олқылықтар болған деп отыр. Әрі жұмысшылар өрт қауіпсіздігі ережелері мен карантин режимін сақтамаған айтады.  

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жұмысшылардың кейбіреулері маскасыз жүр. Ол да дұрыс емес. Ай сайын бақылап тұрамыз. Ендігі келген кезде осындай жағдай болса Наурызбай ауданының Ішкі Істер бөліміне әкеліп штраф салынады.


Депутат мердігерлерге бұл заң бұзушылықтарды жоюға бір ай уақыт берді. Айтып өтейін, негізі нысанның құрылысы былтыр басталған болатын. Бақылау жұмыстары - «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізілген.

Ә. Лесбек