Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда қоқыстан ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
29.03.2021ж. 20:00
2211
Павлодарда қоқыстан ер адамның мәйіті табылды

Павлодарда қоқыс жәшігінінен ер адамның мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары оның денесінде зорлық іздері бар екенін айтады. Полицейлер күдіктіні де анықтаған. Күдікке іліккен әйел адам болып отыр. Оның марқұммен қандай байланысы бар? Оқиға жайында тұрғындар не айтты? Тілшіміз анықтап көрді.
 
Қоқыстағы мәйіт туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде демалыс күні жылдам тарап кетті. Онда мәйіттің бөлшектеліп тасталғана да айтылған. Тәртіп сақшылары бүгін бұған қатысты ақпарат берлі. Олар мәйіттің табылғанын растағанымен, денесінің бөлшектелгенін жоққа шығарды.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында тұрған қоқыс контейнерінің жанынан 38 жастағы ер адамның мәйітін таптық. Ол ішінен пышақ жарақатын алу салдарынан қайтыс болуы мүмкін. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел адам ұсталды.


Аталған жайтқа байланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Әзірге күдіктінің бұндай қадамға баруына не түрткі болғаны белгісіз. Ал, мәйіт табылған аула тұрғындары, бұл жағдайдан хабарсыз болып шықты.

БЛИЦ:

- Мәйіт біз тұратын үйден емес, көрші үйден екен. Басқа ештеңе естімедім.

- Ештеңе естімедім. Ештеңе көрмедім. Білмеймін.


Тәртіп сақшылары бұл оқиғаның қалай болғаны жайлы тіс жармай отыр. Мән-жайды тек тергеу қорытындысынан кейін айтатындарын жеткізді. Ал оған дейін арнайы сараптама жасалмақ.

Ө. Қуанар