Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Сот шешімімен келіспеген бұрыңғы дәрігерлердің ісі аппеляциялық сотта қарала бастады

Сот шешімімен келіспеген бұрыңғы дәрігерлердің ісі аппеляциялық сотта қарала бастады

Атырауда шақалақты тоңазытқышқа салып өлтірді деп сотталып кеткен дәрігерлердің аппелияциялық шағымы бойынша сот отырысы басталды. Сот залына абақтыдан перзентхананың бұрыңғы дәрігерлері жеткізілді. Өзге қатысушылардың барлығы онлайн қатысты. Бұл жаңашылдық әсіресе адвокаттардың шамына тиді. Олар сондай-ақ  аппелияциялық шағымды облыстық соттың қарағанына да наразы.

Сот залына перинаталдық орталықтың бұрынғы дәрігерлері абақтыдан жеткізілді. Перзентхананың экс бас дәрігері -Қуаныш Нысанбаев, акушер-гинекологі Асқар Қайыржан, акушері Жәмила Құлбатырованы арнайы мамандар кісенмен әкелді. Залда олардан өзге, сот алқасы ғана болды. БАҚ өкілдері де, басқа залдан онлайн қатысты.

«Қорғаушыларымыздың қасында боламыз» деп келген екі адвокатқа, сот алқасы бүгін ғана қатысуға рұқсат берді. Алайда сотталушылар мен олардың адвокаттары аппеляциялық соттың Атырауда өтуіне қарсы болған. Бірақ олардың өтініштері қанағаттандырылмапты.

Нұрлан ЖОЛБОЛОВ, АДВОКАТ:

Сот құрамын өзгертіп, істің объективті қаралуы үшін біз осы істі Атырау облыстық сотынан басқа кез келген облыстағы сотқа  ауыстыруды сұрадық. Өтінішімді облыстық сот емес, Жоғары сот қарау тиіс еді. Алайда Атырау облысық соты бұл құзыретті өздеріне алып, өздері шешім шығарды. Бұл сонда дұрыс па? Сот тіпті сотталушылардың офлайн қатысқанын қаламады. Біз Жоғары сотқа жазып,  әрең дегенде офлайнға рұқсат алдық. Ал  енеді мына қызықты қараңыз, сотталушы офлайн, ал адвокат онлайн қатысады. Бұл Қазақстан сотының тәжірибесінде алғаш рет болып отыр.  

Басты фигурант Қуаныш Нысанбаев алғашқы үкімді шығарған судьяның, облыстық қылмыстық істер сотына жұмысқа  ауысып келгеніне айтып,  сот процесіне  күмәнмен қарайтынын жасырмады.  Айта кетейік, сот алқасы құрамында алғашқы үкімді оқыған Гүлмира Дәулетова жоқ.

Қуаныш НЫСАНБЕВА:
 
Бірінші сот та ешқандай куәлардың берген жауабына  құқықтық баға берілмеді. Үкім бойынша ешқандай берілген эксперттердің жауаптарының негізсіз жауаптарының, негізсіз айыптардың ешқанадай құқықтық бағасын  берілмеді . Ол кісінің үкімді заңсыз және өзінің жазған кейбір келтірілген уәждерімен өз ойларының барлығы заң талаптарына сәйкес емес, негізсіз.

Бұл ойды  босану бөлімшесінің акушері Жәмила Құлбатырованың адвокаты да айтып отыр. Ол өз қорғаушысын дәрігердің айтқан тапсырмасын орындағаны үшін ғана жазалау жөнсіз,- дейді.

Талғат МҰҚАТАНОВ, АДВОКАТ:


Ол орта персонал саналады медицинский.  Ол кісі дәрігерлердің бұйрығын орындайды.  Екіншіден, Құлбатованың өзі айтып тұр. Тірі баланы ешкім  тоңазытқышқа салған жоқ. Ол бала өлі. Туғаннан бастап өлі. Күмән болды. Бірақ  ол күмәнін дәрігер неонотолог Әлімбаева деген бар іс бойынша ол кісінің қылмыстық жауапкершілігі тіпті шешілген жоқ. Ол кісі бір емес екі рет айтты. Бала өлі.

Айта кетейік, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, ақ халаттыларға қаңтарда үкім шығарған болатын. Орталықтың бұрыңғы бас дәрігері -Қуаныш Нысанбаевқа 18,  акушер-гинеколог Асқар Қайыржанға 16,  босану бөлімшесінің акушері Жәмила Құлбатыроваға 15 жылға темір торға қамауға үкім шығарған еді.  

Б. Нәдірқызы