Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы баланың мәйіті кәріз құдығынан табылды

AstanaTV
29.04.2021ж. 20:00
1929
Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы баланың мәйіті кәріз құдығынан табылды

Қызылордада екі тәуліктен бері іздестіріліп жатқан 6 жастағы баланың мәйіті табылды. Балақай   көше бойындағы  жеке бір тұрғын үйдің  кәріз құдығына түсіп кеткен.

6 жастағы Әлтайыр үйінен ойнауға шығып кетіп,  оралмаған болатын. Екі күн бойы құзырлы орындардан бөлек еріктілер, жалпы қала тұрғындары, барлығы тік тұрып, баланы  іздеді. Өкінішке орай, бүгін оның өлі денесі ғана табылды. Полицейлер жеткіншектің  денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ дейді.

Нұрлан АҚӘДІЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Сырттай қарау барысында Мақсатұлының зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Мәйітке қазір сот дәрігерлік сараптама тағайындалды. Одан әрі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі.


М. Тоқтасынқызы