Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылордада вакицинациялау күштеп жүргізіліп жатыр ма?

Қызылордада вакицинациялау күштеп жүргізіліп жатыр ма?

Қызылордада саудагерлерге вакцинаны күштеп салып жатыр ма? Әлеуметтік желі арқылы тараған бейнежазба көптің көкейінде осындай күмәнді сұрақ туғызды. Онда әйел адамның базардың қақпасын жауып, ішке кіру үшін анықтама сұрап отырғаны көрінеді.

Алайда, базар басшылығы мұны жоққа шығарды. Айтуларынша, түсініспеушілік туындаған. Бес күн бұрын базарда екпе салатын арнайы бөлімше ашылған. «Сатушылар ерікті түрде вакцина алып жатыр» дейді. Қазір 500 адамның 100-ден астамы короновирусқа қарсы екпе салғызған.

Зарина РИЗВАНОВА, «СЫБАҒА» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Екпе салдыруға адамдарды топтастырып шақырған болатын. Саудагерлер орындарын қараусыз қалдырып кеткендіктен, күзет қызметі қақпаны жауып қойған. Сол сәтте әлгі әйел дұрыс түсінбей қалған болар.

 М. Тоқтасынқызы