Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстанда 270 мың жастың тұрақты жұмысы мен кәсіптік білімі жоқ

Қазақстанда 270 мың жастың тұрақты жұмысы мен кәсіптік білімі жоқ

Елімізде 270 мың жас-NEET санатында, яғни олардың тұрақты жұмысы, кәсіптік білімі, даярлығы жоқ. Бұл -алаңдатарлық жағдай. Сондықтан мамандар  республикалық жобалық офис  жобасын жүзеге асырмақшы. Ол арқылы  жастарға оқыту курстары мен семинар-тренингтер ұйымдастыру, мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар әзірлеу және басқа да шараларға қолдау көрсету жоспарда бар.  

Шахмардан БАЙМАНОВ, ҚР АҚДМ «ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ» КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Jas Otan» жастар қанаты, «Болашақ» қауымдастығымен бірлескен жоба бастау алды. Аймақтарда арнайы база жасақталады. Одан кейін үлкен ақпараттық жұмысты жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен гранттық негізде жүзеге асырылады. Қазақстанның үздік тәлімгерлері, спикерлер мен жаттықтырушылары арқасында жастар өз кәсібін таба алады. Осылайша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендейді.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:


Қандай жерлерде қандай жұмыс орындары тапшы, қандай мамандықтар бойынша ЖОО мамандарды дайындауы керек? Осы жұмыстың барлығын жобалық кеңесте жасау көзделіп отыр. Осы жылдың аясында бірнеше методологиялық үйлестіру жұмыстарын ұйымдастырамыз.

Ә. Өмірзақ