Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мемлекеттік бағдарламалар дұрыс жүзеге асып жатқан жоқ! - Депутат

AstanaTV
06.05.2021ж. 20:00
2085
Мемлекеттік бағдарламалар дұрыс жүзеге асып жатқан жоқ! - Депутат

"Дипломмен – ауылға", "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесі көңіл көншітпейді. «Nur Otan» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері, осыны айтты. Олар Ұлттық Экономика министрлігін сынға алды. Қарапайым сайт жұмысындағы ақаудан бастап, жастарға бөлініп жатқан қаражат тиімсіз пайдаланылған,-деп отыр. Депутат Мәди Ахметов бағдарламаға қатысу шарттары Мәжілісте бірнеше рет қайта қаралғанына қарамастан, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген деді. Оның пікірінше, жергілікті билікке жауапкершілікті жүктей бермей, министрлік бақылауды күшейтуі қажет. Сонда ғана, межені орындауға мүмкіндік тумақ.

Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

12 жыл ішінде «Call- центр» ашылмаса, сайт пен нақты ақпарат көзі болмаса, жас маман қандай мамандық бойынша қолдау көрсетілетінін білмейтін болса, жасалып жатқан істердің дұрыс жүзеге аспай жатқандығының көрінісі.


Аграрлық сала мамандықтарына Мемлекеттен бөлінген 7 миллиардқа жуық ақша жосықсыз жұмсалған. Жыл сайын ауылшаруашылығы мамандығын бітірген түлектердің 30 пайызы ғана жұмыспен қамтылады. Осының кесірінен агроөнеркәсіптік кешенге 2,8 мың маман жетіспейді. "Jas Otan" төрағасы Нұржан Жетпісбаев ауылдық жерлерде кадр тапшылығы проблемасы өткір күйінде қалып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ жас мамандарға бюджеттік несие бөлу кезінде бюракратиялық кедергілерді жою қажет деп отыр.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:


Қай жерде қандай бағдарламалар жүзеге асырылып жатқандығы, тұрғын үй бағдарламасының қолжетімділігі белгісіз болып отыр. Тіпті жас мамандар жүгінгеннің өзінде кейбір ауылдарда ақша талап ететін көрінеді. Мұндай олқылықтардың жолын толықтай кесу қажет деп есептеймін.

Ғ. Өтемісов