Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодарда Шығанақ көлінде балық қырылып қалды

Павлодарда Шығанақ көлінде балық қырылып қалды

Павлодар облысындағы Шығанақ көлінде балық   қырылып жатыр. Көл жағасы өлексеге толған. Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мамандары өлген балықтардан сынама алып, зертханаға жіберді. Алдын ала болжам бойынша балықтарға ауа жетпей, тұншығып қалған болуы мүмкін. Себебі қыста таяз  көл  түбіне дейін қатып қалатын көрінеді. Ал Шығанақ көлі ауданның маңызды су айдындарының тізімінде болмағандықтан   мұз ою жұмыстары жүргізілмеген.

Талғат БЕШЕНБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазір барлық мамандар сол орнында. Ол жерден балықтың, судың  барлық сынама зертханаларға тапсырылады және осы зертттеулердің қорытындысы бойынша қосымша тағы ақпарат берілетін болады.


Ө. Қуанар