Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Е.Біртановты аңдып жүргендер кімдер?

AstanaTV
06.05.2021ж. 20:00
1678
Е.Біртановты аңдып жүргендер кімдер?

Мені және отбасымды бірнеше көлік аңдып жүр. Үй қамағына алынған елдің бұрынғы бас дәрігері, бүгін сотта осыны жеткізді. Ол құзырлы орган өкілдеріне істі бүге-шігесіне дейін нақтылауын сұрады. Экс-министрі өзіне тағылып отырған айыпты негізсіз, дейді. Ол өз қызметін адал атқарғанын мәлімдеді.

Елжан БІРТАНОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Бұлтартпау шарасына қатысты - барып тұрған өтірік. Өткен сот отырысында судья Исаева менің үйқамақ кезінде басқа адамдармен кездесуге құқығым бар ма деген сауалға нақты жауап берді. Бірақ менің балалармен серуендеу кезінде туысыммен кездесуім және азық-түлік сатып алуға барған кезде көршіммен және досыммен кездесу судьяның маған берген режимін бұзу ретінде қарастырылуда. Тіпті, бізді үш көлік аңдып жүр. Бұл не үшін керек екенін білмеді.

Сот шешімі бойынша күдікті Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін сегіз айға дейін ұзарту туралы өтініш ішінара қанағаттандырылды. Бұлтартпау шарасының мерзімі 14 маусымға дейін жалғаспақ. Ол таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін жұмысқа баруына және үйден шығуына қатысты шешімі өзгеріссіз қалды. Еске сала кетейін, экс-министр былтыр 3 қарашада бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.  

А. Данияр