Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Каспий теңізіндегі түп тереңдету жұмыстарын тәуелсіз экологтар бақылайды

Каспий теңізіндегі түп тереңдету жұмыстарын тәуелсіз экологтар бақылайды

«NCOC» компаниясының Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстары экожүйеге қаншалықты зиян? Бүгін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері Қашаған кен орнындағы түп тереңдету жұмыстары жүргізілетін аумаққа барып, құрылыс барысымен танысты. Мұнан соң сала мамандары мен қоғам белсенділері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Тараптар теңізде кеме қолданысының нұсқаларын қарастырып және Қашаған кен орны аумағында Каспий теңізі деңгейінің өзгеруінің ұзақ мерзімді болжамын талқылады. Бұдан басқа, түп тереңдету жұмыстарының  теңізге әсерін, яғни су сапасына, ихтиофаунаға, жануарлар әлеміне сондай-ақ қорық аймақтарына әсері тыңдалды.

Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ, ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:

Рұхсат берген экология қорытындысы болды. Негізі жан-жақты балық жағынан, құс жағынан  жан-жақты ғылыми қорытындылары бар. Біздің комитет осы жобаны орындау кезінде экологиялық шараларды орындауды біз теңізге шығып бақылап отырамыз.

Ермек МАРАБАЕВ, "NCOC" КОМПАНИЯСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тереңдету жұмыстары жаңа зат емес. Каспий тарихында күнделікті жұмыс. Әр жерде жүргізетін жұмыс. Кәдімгідей кеме жүретін жерге сондай тереңдік жұмысы жүріп жатыр әр жерде. Сондықтан ол жерден қауіпті көріп жатқан жоқпыз. Жоба басталптын келесі айдан бастайды. Екі жыл тек қана жаздың күндерінде өткізетін жұмыстар ол.

Естеріңізге салайық, консорциум теңіз табанын тереңдету жұмыстарын жоспарлап отыр. Канал құрылысы тек жаз айларында ғана жүргізіледі. Демек, көктемгі балықтар мен құстардың  миграциясына қауіп жоқ. Сондай-ақ, канал құрылысына байланысты Атырауда арнайы қоғамдық бақылау комиссиясы құрылды. Оның құрамында жергілікті табиғат жанашырлары мен  мен экологтар бар.

Б. Нәдірқызы