Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Астана арнасындағы «Aitarym bar» бағдарламасы үздік ток-шоу деп танылды

Астана арнасындағы «Aitarym bar» бағдарламасы үздік ток-шоу деп танылды

Астана телеарнасында шығатын, «Aitarym bar» бағдарламасы, "Тұмар" бәйгесінде үздік ток-шоу атанды.

«Aitarym bar» ток-шоуының алғашқы саны 2019 жылы қыркүйек айында қалың көрерменге жол тартты. Студияда қоғамдағы өзекті, әлеуметтік және саяси тақырыптар қозғалды. Жоба авторы пандемия кезінде жалған ақпараттың жолын кесіп, маңыздысын халыққа жеткізіп отырған.

Бақыт ШОЙЫМБЕК, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Әрбір журналист халық игілігі үшін еңбек етіп, қоғамның дамуына ықпал еткісі келеді. Осы жолда біз аянбай еңбек етіп келеміз. Сол еңбегімізде бізді жігерлендіріп, ынталандыратын, демейтін тұмар сынды ұлттық, республикалық номинация. Әрине, қуаныштымын. Алдағы уақытта да халқыма қызмет етуге әзірмін. Ортақ жеңісіміз құтты болсын!

Айтпақшы, көрерменнің сүйіктісіне айналған «Aitarym bar» ток-шоуы жақын күндері үшінші маусымын ашады. Бұл жолы жаңа жүргізуші, жаңа құраммен жол тартпақ. Тек мақсат сол баяғы – халық игілігі үшін еңбектену.

Майра ТӨЛЕПБЕРГЕН, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сүйінші жаңалық құтты болсын! Шын жүректен құттықтаймыз! Тұмарды жеңіп алған «Айтарым бар» ұжымының алар белесі алда деген ойдамын. 10-шы мамырдан бастап, «Астана» арнасының көрермендері, өздеріңізді үшінші маусымды тамашалауға шақырамыз.

Ә. Өмірзақ