Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

AstanaTV
13.05.2021ж. 20:00
1841
Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бүгін күллі мұсылман үшін Ораза айт басталды. Бұл қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мереке. Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды құттықтады. Ол Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы деп атады. Өзара сыйластық пен келісімге негізделген игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады. Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!  Айт қабыл болсын!

Ә. Өмірзақ