Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодар облысында Баянауыл ауылы сусыз қалуы мүмкін

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
1923
Павлодар облысында Баянауыл ауылы сусыз қалуы мүмкін

Павлодар облысында Баянауыл ауылының тұрғындары сусыз қалуы мүмкін. Өйткені су таратушы мекеме елді мекенге тіршілік нәрін беруді тоқтатпақ. "Тариф төмен болғандықтан, шығын өз-өзін ақтамайды" дейді. Бұған дейін су тарифінің бекітілмеуінен мекеме жұмысшыларының 8 айдан бері жалақы алмағаны туралы бейнематериал берген болатынбыз. Бұл орайда  кәсіпкер жергілікті биліктің  судың әр текше метріне ұсынған 84 теңге өте төмен екенін айтқан. Ол жұмысшылардың жалақысын төлеуге де жетпейтінін айтып, тарифті көтеруді сұрады.  Алайда, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тариф бағасы бұдан артық көтерілмейтін жеткізді.

Ерлан БОЛДЫРҒАНОВ, СУ ТАРАТУШЫ МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ:

Бұл 84 теңге шығынды жаба алмайтын болып тұр. Жапқанда 20 % ғана жабады. Және мен өз есебімізбен есептестік бухалтериямен 462 мың теңге айына түседі екен. Оның 157 мыңы электричество. Ар жағында расходвое топлива дейді бізге қажетті. Ол да 150 мың теңгені құрайды. Ар жағын 150 мың теңген 15 кісінің зарплатасы. 10 мың теңгеден қалады каждый кісіге.

Баянауылдың су құбырын сенімгерлік басқаруға алған  кәсіпкер келісім шартты бұзатындығын айтып, бүгін өтініш жазды.  Өтініш 10 жұмыс күні ішінде қаралып, шешім шығарылады. Егер мекеме су беруді тоқтатса, Баянауыл сусыз қалуы мүмкін. Аудан орталығында 7 мыңға жуық тұрғын бар. Аудан әкімі бұл мәселе бақылауда екендігін айтып, халық сусыз қалмайды – деп сендірді.
 
Қанат КӘРІМОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Көреміз енді. Жұмыс жасап жатырмыз ғой. Сусыз қалмайды. Сусыз қалдырмаймыз.


Ө. Қуанар