Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандық жастарға Елбасы туралы көпсериялы фильм көрсетілді

AstanaTV
07.07.2021ж. 20:00
1694
Қазақстандық жастарға Елбасы туралы көпсериялы фильм көрсетілді

Елбасы тұлғасының тарихи маңызы қандай? Қазақстандық жастар осы сұрақ төңірегінде пікірлесті. "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы түсірілген деректі фильм арқау болды. "Штрихи к портрету. Лидер" деп аталатын фильмде Елбасының өмірі мен қызметі, сондай-ақ көпшілік біле бермейтін қырлары көрсетілген. Туынды орыс тілінде, ұзақтығы- 40 минут.  Көпсериялы деректі фильмнің әзірге  төрт  бөлімі ғана жарыққа шыққан. Айта кету керек, жобаны жүзеге асыруға  Нұрсұлтан Назарбаев қоры қолдау көрсеткен.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Киноның авторы, идеясын құрған азаматшаны шақырып, жалпы жастармен тілдесуді ұйғардық. Бұл жерде негізгі мақсат әрине, жастарға тәрбие беру. Көбінесе еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарымыз осы астананың көркеюіне әрі қарай қарыштап дамуына, Елбасымыздың салып кеткен идеясын әрі қарай жүзеге асыруға  үлестерін қосуын әрі қарай қалай жалғастыратындарын талқылап алу.

А. Данияр