Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ауыл тұрғындары тұзды су ішуге мәжбүр

AstanaTV
28.07.2021ж. 20:00
2301
Ауыл тұрғындары тұзды су ішуге мәжбүр

Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданына қарасты Первомай ауылының тұрғындары ауыз судың азабын тартып отыр. Елді мекенде екі құдық бар. Бірақ ондағы су ішуге жарамсыз. Ауыл адамдары амалсыз тұзды су тұтынуға мәжбүр.

Владимир КУШЕРЕНКО, ПЕРВОМАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Құдықтың суын сараптамаға тапсырып едік ішуге жарамсыз деген қорытынды шықты. Ауылда одан басқа ауыз су жоқ.

Кенжеғұл БИЖАНОВ, ПЕРВОМАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Осы елде екі-ақ құдық бар. Сол екі құдық соның бәрі ана шеттен мына шетке дейін екі шақырым. Зейнеткерлерімізге қыста боранда, жауын-шашында оңай емес оларға. Солар келіп кетеді. Жалғыз тұратын кемпірлер бар мысалы. Бәрінің жағдайы келе бермейді.

Сексен жеті жастағы Валентина Калинова ауыл шетінде тұрады. Екі шақырымды еңсеру егде жастағы қарт анаға тым қиын. Сондықтан төрт күн сайын құдық басына келем дейді кейуана.

Валентина КАЛИНОВА, ПЕРВОМАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

4 күн сайын осы құдықтан су аламын. Ауылдың шетінде тұрамын. Мен секілді қарт адамдар үшін өте қиын.


Алты жүзден астам тұрғыны бар Первомай ауылындағы ауыз су мәселесі 30 жылдан бері шешімін таппай отыр. Ал кеңес тұсынан қалған су құбырының тозығы жетіп,тот басқан соң талан-таражға түскен. Елді мекенге су жаңа құбыр өткізіп, елді сумен қамту алдағы уақыттың еншісіндегі шаруа дейді ауыл әкімі.

Нұрбол ҚОСАНОВ, ПЕРВОМАЙ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауыз су бағдарламасы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған бағдарламаға кіріп тұр. Жүйе бойынша. Әр үйге колонка ретінде. Енді ол алдағы уақыттың еншісінде.

Әкімнің сөзіне сенсек ел-жұрт 2025 жылы тұнық суға қарық болмақ. Оған дейін тұрғындарға қос құдықтың тұзды суын тұтынуға тура келеді.

З. Санай