Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордалықтар тұрғындар автотұрақта тұрады

AstanaTV
28.07.2021ж. 20:00
1885
Елордалықтар тұрғындар автотұрақта тұрады

Елордалық тұрғындар сан соғып қалды. 3 жылдан бері өздерінің автотұрақта тұрып келгендерін білмеген. Шындығында тұрып жатқан баспаналары құрылыс жоспарында да болмай шықты. Тіпті, 75 пәтердің иесіне құжаттары әлі берілмеген. Ал, тұрғын үйді салған компания ізім-қайым жоғалып кетті, дейді наразы жұрт. Бастапқыда бизнес-класста өмір сүресіңдер деп уәдені үйіп төккен мердігердің жұмысы сөзіне лайық болмапты. Проблема мұнымен бітпейді.

Ақмарал ҚҰСАЙЫНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің шатырымыз дұрыс салынбаған. Жаңбыр жауғанда төбеден су кетеді 6 қабаттарға. Және де өрт қауіпсіздігіне арналған сигнализация қондырылмаған, желдеткіш жоқ. 5-ші қабатта мүгедек тұрады арбамен жүретін. Ол кісі 1 жарым жыл үйінен шыға алмады. Себебі, пандус жоқ, лифт жоқ. Былтыр қыркүйектің кезінде автотұрақ екенін білдік.


Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй басқармасындағылар да кәсіпкерді таба алмай жүр. Шенеуніктердің сөзінше, үй әлі пайдалануға берілмеген. өйткені, нысанның құрылысында көптеген заң бұзушылықтар бар.

Жақсыбек ИСЛАМБЕК, НҰР-СҰЛТАН қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:


Олар лифттерді стандартқа сай тапсырса ғана пайдалануға рұқсат береміз. Дегенмен, қазіргі уақытта біздің өзіміз мердігерлерді таба алмай жатырмыз.


Әкмідік өкілдері бұқара үйге заңсыз қоныстанғандарын жеткізді. Айтуларынша автотұрақтың үстіне, нысанға еш қатысы жоқ ғимарат салынған. Тұрғын үй кешенінде кемшіліктер өте көп деді. Осы олқылықтар үшін құрылысқа жауаптыларға айыппұл салынған. Құрылыс компаниясын лицензиясынан да айырылған деп отыр.

Шапағат ТАУПЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ м.а.:

Біздің аталған нысанға қатысты тексеру жұмыстары 2019 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Бұл үйдің жұмысына тыйым салынған. Құрылыс салушыға тиісті айыппұл салынды. Тиісті 388 мың 920 теңге төлемегеннен лицензияны тоқтатты.

Шенеуніктер, заң бұзушылықтарды түзетуі керек дегеннен басқа ештеңе айта алмады . Құрылысқа жауаптылар кемшіліктерді түзеткен жағдайда да пәтер иелері басқа жерге көшуге мәжбүр, дейді.

Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсанында пәтер иелері полицияға мердігерге қарсы арыз жазған. Тәртіп сақшылары «Аса ірі алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мәди ОЛЖАБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Енді серіктестік қызметіне аудит жүргізу жоспарланып отыр. Құрылыс көлемін анықтау үшін, оның нәтижелері бойынша сот-экономикалық сараптама жасалады.

Осылайша әзірге мәселе басы ашық күйі қалып тұр. Алданып қалған тұрғындардың тағдыры не болады? Оны ешкім дөп басып айта алар емес.

А. Данияр