$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Кәсіпкерлердің жұмысы тағы қалай өзгермек?

AstanaTV
09.08.2021ж. 20:00
1672
Кәсіпкерлердің жұмысы тағы қалай өзгермек?

Эпид ахуалды бағалау матрицасының "қою қызыл" аймағындағы кәсіпкерлерге жаңа талап бекітілді. Ashyq "көшбасшысы" мәртебесі бар нысандарға енді түнгі 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі хабарлады.

Ержан БАЙТАНАЕВ, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы №33 "Кәсіпкерлік нысандарға Ashyq жобасын қосы туралы" соңғы қаулысына сәйкес, Ashyq "көшбасшысы" мәртебесі бар нысандарға 9 тамыздан бастап "қою қызыл" аймақта сағат 00.00-ге дейін, басқа нысандарда (Ashyq қатысушылары үшін) - сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Елде эпидемиологиялық ахуал әлі де ушығып тұр. Тәулік сайын 7 мыңнан аса жағдай анықталып жатыр. Өлім дерегі де азаяр емес.  Денсаулық сақтау министрлігі 8 тамызда коронавирус пен пневмониядан 140 адамның қайтыс болғанын жеткізді. Жағдай мүшкіл болса да оны пайда көретіндер табылып жатыр. Мысалы, вакцина паспорты мен ПТР тесттерін қолдан жасаған 20 медицина қызметкері құрықталды. Сонымен қатар, бұл былыққа тағы 8 күдіктінің қатысы болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде де жалған құжат сатушылардың дәуірі жүріп тұр. Мониторингтік топ осы тектес 70 жарнама тапқан және оның жартысы бұғатталыпты. Екпе алудан қашқандарға демеу көрсеткендердің арасында туроператорлар да бар.  

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптасты, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты. 43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізіледі.

А. Данияр