Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда Hyundai және BMW брендтерінің дилерлік орталықтары ашылды

AstanaTV
09.08.2021ж. 20:00
1498
Атырауда Hyundai және BMW брендтерінің дилерлік орталықтары ашылды

Жайлы көлік іздесең, «Aстана моторсты» таңда. Атырауда BMW және Hyundai брендінің дилерлік орталықтары өз жұмысын бастады. «Астана Моторс» отандық компаниясының "Hyundai Center Atyrau" және «Бавария Атырау" автоорталықтарында әлемдік бренд көліктері ұсынылған.

Бекнұр НЕСІПБАЕВ, «АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Хендэ автосалонында Алматыдағы Hyundaı Trans Kazakhstan зауытынан шығарылатын автакөліктер сатылатын болады.  BMW және МИНИ автокөліктері сатылады. Біздің клиенттеріміз үшін техникалық қызмет көрсету станциялары да бар. Және пайдаланылған автокөлікті жаңа автокөлікке ауыстыру бағдарламалары және кредиттік жобалар бар. Осы автосалондарда 120 жуық жұмыс орны ашылды. Біздің Hyundai және BMW стандарттарын оқытатын академиямыз бар, сол академияда әріптестеріміз білім алады.

Дилерлік орталықтар халықаралық стандарттарға сай салынып, жабдықталған. Айта кету керек, мұнда короновирус инфекциясының алдын алу бойынша барлық санитарлық талаптар сақталған. Компания «Ashyk» бағдарламасымен жұмыс істейді.   Тұтынушылардың еркін сауда жасауы үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар қызметкерлердің дамуына да ерекше көңіл бөлінеді.

Алтынбек ЫҚЫЛАС, ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ АВТОЭЛЕКТРИГІ:

Біздің компания өз қызметкерлеріне қолайлы жұмыс жасауына бүкіл мүмкіндіктер жасауда. Үлкен мүмкіндіктер жасауда. Өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына әртүрлі тренингтер, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде.  Мен осы компанияда жұмыс жасағаныма қуаныштымын.

 
Hyundai Center Atyrau және «Бавария Атырау» автоорталығының сатып алушылары Trade-in бағдарламасы бойынша қолданылған темір тұлпарын жаңасына алмастыра алады. «Hyundai Finance» кредиттік бағдарламалары, сондай-ақ «Mycar Finance» микрокредиттік ұйымы мен Сбербанк және Евразиялық банкі арқылы несие рәсімдеуге болады. Кез-келген ақпаратты тәулік бойы 7007 контакт орталығынан ала алады.

Б. Надірқызы