$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Кен орындарынан келген кесел ме?

AstanaTV
23.08.2021ж. 20:00
2589
Кен орындарынан келген кесел ме?

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Ақбиік ауылының тұрғындары кен өндіруші компаниялардың жұмысына наразы. Топтасқан халықтың айтуынша таудан тас пен түрлі-түсті металл қоспасын тоқтаусыз алатындар экологияға айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Оның үстіне жиілеп кеткен жарылыстан тұрғын үйлерді айтпағанда үш жыл бұрын салынған ауылдағы балабақшаның қабырғасы да қақырап кетті дейді.

Ауыл азаматтарының сөзінше, тауды жарылғышпен қопаратындар соңғы екі жылда жарылысты тым үдетіп жіберіпті.

Айнұр ЖАППАРОВА, БӨБЕКЖАЙ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Әсіресе түсте ұйықтаған кезде мынадай дауыстан балалар қорқып шошып оянады, біріншіден. Екіншіден, біздің мына жердегі жолдан жүрген кезде енді бізге шаңның өзі қаншама зиян келеді балаға.

Кен орны ауылдың ту сыртында. Шамамен екі жарым шақырымдай ғана қашық. Тауда көтерілген шаң ауылға лезде жетеді деді.

Эльвира СЕРИМОВА, АҚБИІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кішкентай балаларымызға дейін бәрі аллергичный. Кішкентай туылған балалар порог сердцемен туылып жатыр. Сонан кейін балалардың бастарында «водянка» деген ауру пайда боп жатыр. Сонан кейін біздің Түлкібас ауданында Ақбиік ауылы бірінші очеред онкологиямен бірінші кезекте тұр.

Тұрңғындардың біліуінше күнделікті отыз шақты ауыр жүк көлігі ауыл ішімен шаңдатып өтеді. Талап сақталмайды. Жарылысты доғарып, жүрер жолын өзгертсін деп те талап қойыпты ақбиіктіктер. Бірақ әзірге нәтижесіз көрінеді. Аудан басшылығы кен орнындағы үш компанияның да жұмысы заңды деп отыр.

Бауыржан АХМЕТОВ, ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Біз «Ферум констракшн»және тағы қасындағы  кәсіпкерлерге ескерту бергенбіз өз тарапымыздан. Төмендетіп, шкаласын төмендетіп бұрғылап өндіру жөнінде хат жүзінде жолдаған болатынбыз. Мөлшерін азайтпаса Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес лицензиясын алып қою бойынша жұмыс жасаймыз облыспен бірлесіп.

Әзірге жергілікті атқамінерлердің бар жәрдемі қазба байлығы тиелген ауыр жүк көліктері жүретін жолды өзгертіп беру. Оларға ауыл сыртынан жол салдыртып бермекші.

А. Төребекқызы