$499.51 €525.83 ₽4.62
×

«Nur Otan-ның» сайлауалды уәдесін уақытылы орындамаған шенеуніктерге ескерту жасалды

AstanaTV
23.09.2021ж. 20:00
1790
«Nur Otan-ның» сайлауалды уәдесін уақытылы орындамаған шенеуніктерге ескерту жасалды

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының кейбір пункттерін уақытылы орындамаған батысқазақстандық шенеуніктерге ескерту берілді. Егер олар сыннан сабақ алмаса, бұдан да қатаң жаза қолданылмақ. Бұл туралы партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің Бюро отырысында айтылды. Нұротандықтардың дерегінше, бүгінде өңірдің Жол картасындағы бес жылға жоспарланған бағдарлама 21% жүзеге асырылған. Бірақ орындалмай қалуы мүмкін жұмыстар да бар. Бұлар - құрылыс, жол салу және денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктер. Жауапты сала өкілдері мұны жобалық-сметалық құжаттардың дұрыс дайындалмауынан уақыттың өтіп кетуі мен мердігерді анықтайтын тендердің кеш өткізілгенімен түсіндірді. Партияның бюро отырысында осы мәселелер қайта пысықталып, жол картасындағы индикаторлардың уақытылы және сапалы орындалуы қатаң тапсырылды.

Ақсерік ӘЙТІМОВ, «NUR OTAN»  ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Мысалы, кейбір аудандарда үш жоба орындалған жоқ. Кейбір аудандарда жетеу орындалған жоқ. Кейбір аудандарда 11-ге дейін жоба орындалған жоқ. Мен ойлаймын: болашақта жылдың аяғына дейін, 100% деп айта алмаймын, бірақ 90% дейін орындалуын күтеміз.

Осылайша маңызды іске мән бермеген шенеуніктерге партиялық ескерту берілді. Егер межелі мерзім ішінде тапсырма орындалмаса, олардың бұдан да қатаң жаза арқалауы мүмкін. Өйткені «берілген уәде – орындалуымен құнды!», - дейді нұротандықтар.

Софья ІЗМҰХАМБЕТОВА, «NUR OTAN»  ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Халықтың алдында уәде берілген соң, уәде орындалуы керек. Бұл сөз жүзінде қалып қоятын мәселе емес, себебі қазір халықтың бәрі сауатты, бәрін көріп отыр, бәрі көз алдымызда. Сондықтан уәделердің бәрі орындалуы үшін жұмыстануы керек. Бұл - жетекші партия. Айтылған уәде орындалуы керек!

Е. Карин