Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Түркістандық көпбалалы ана әкімдік берген пәтеріне әлі кіре алмай жүр

Түркістандық көпбалалы ана әкімдік берген пәтеріне әлі кіре алмай жүр

Түркістандық көпбалалы ананың әкімдік берген баспанасына кіре алмай жүргеніне екі жылдан асты. Халима Қаюмоваға Тұрғын үй қатынастары бөліміндегілер, былтыр 25-қарашадан қалмай пәтеріңе кіргіземіз деп уәде беріп еді. Алайда содан бері жылға жуық уақыт өткенімен мәселе әлі шешілмеген.  Осыған дейін Халима Қаюмоваға тиесілі үш бөлмелі пәтердің 2017 жылы сырттай бөгде адамға берілгенін прокуррорлар анықтаған болатын. Халима Қаюмова жуырда жетінші баласын босанды. Бір айлық сәбиімен тағы да жауапты бөлімнің табалдырығын тоздырып жүр. "Мұндағы мамандар телефон тұтқасын көтермейді, амалсыз өзім келуге мәжбүрмін", дейді шарасыз ана.

Халима ҚАЮМОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен Асанов мырзаға келдім. «Болды,  қойма табамын!» деді. Шамалы келіп дауыс көтеріп енді Үкімет берген бала-шағама берген үйді тауып беріңіздер, шығарғызып беріңіздер деп айтсаң «участковый шақырыңдар, 102 ні шақырыңдар..» өзіңе тап береді. Білмейміз, бұл жерде уже неше жылдан бері алысып келе жатырқ, бұл жерде кімнің шикілігі екендігін.


Айтуынша, пәтерді заңсыз иемденген азаматшадан кілт алынып, есік мөрленген. Бірақ бұрынғы қожайын заттарын әлі алып кетпепті. Босатып беруге міндетті сот орындаушылардан да қайыр жоқ дейді көпбалалы ана. Ал тұрғын үйге жауапты өкіл, ендігі жұмыс сот орындаушыларыныкі дейді.

Әбутәліп АСАНОВ, ТҮРКІСТАН қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:


Енді тек сот орындаушылардың іс-әрекетсіздігі соттың шешімін орындамай тұрғаны жөнінде бұл азаматша шағымдануға құқылы. –қайда?-Әділет басқармасына. Соттар әкімшісіне. Сол жаққа шағымдануға құқы бар.

А. Төребекқызы