Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Атырауда бюджеттің 6 млн теңгесін қалтаға басқан мектеп директоры сотталды

AstanaTV
26.01.2022ж. 20:00
1208
Атырауда бюджеттің 6 млн теңгесін қалтаға басқан мектеп директоры сотталды

Атырауда бюджеттің 6 млн теңгесін қалтаға басқан мектеп директоры сотталды. Ол үш жыл бойы  заңды белшесінен басқан. Қызметтен босаған не жұмыс істеп  жүрген мұғалімдерге табель толтыру , бұйрық шығару барысында ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізген. Осылайша қазынадан қомақты қаржы жымқырған. М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің бұрынғы  басшысы  басты сот талқылауында кінәсін толық мойындады.  Пайдакүнемдік ниетте қызметтік жалғандық жасағаны үшін сот педагогты  айыпты деп таныды.

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫ:

Сот сотталушыға процестік келісімге сай, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Сотталушы 6 миллион теңгені толық өтеген.  Естеріңізге салайық, былтыр мамыр айында осы мектептің  мұғалімі  басшының  жалақыдан ақша жинайтынын айтып құзырлы орғандарға шағымданған болатын.   Одан бөлек  әлеуметтік желіге  спорт залдың шұрқ-тесік еденін жамауға мұғалімдерді  тартқанын айтқан.  Осылайша 440 млн теңгеге жасалған күрделі жөндеудің сапасына да көңілдері толмайтынын ашық жариялаған еді.

Б. Надірқызы