$515.89 €536.32 ₽5.17
×

Шымкентте қоқыс контейнерінен әйел адамның мәйіті табылды

AstanaTV
01.02.2022ж. 20:00
2021
Шымкентте қоқыс контейнерінен әйел адамның мәйіті табылды

Шымкентте қоқыс контейнерінен  әйел адамның мәйіті табылды. Оны сол маңнан өтіп бара жатқан  тұрғындардың бірі кездейсоқ көрген. Марқұмның ажалына не себеп? Күдікті кім?  Қанды қылмыс туралы толығырақ тілшіміз Айзада Төребекқызы айтады.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Әйелдің мәйіті бүгін таңертең осы жерден табылған. Бұл қоқыс контейнері халық  көп жүретін жерде орналасқан. Бір жағында көпқабатты үйлер мен үлкен сауда орталығы бар.  Ал дәл түбінде   бастауыш мектеп тұр.

Мәйіт жамылғыға оралып, үлкен ала сөмкеге салынған. Денесінің үстіңгі жағында киімі болған жоқ дейді куәгерлер.  Оның қоқыс жәшігінде жатқанын алғаш болып сүт сатушы әйел көріпті.      

Ирсай ЖҰМАНОВА, КУӘГЕР:

Ең үстінде пакетте нан тұрған екен. Әйелшілік, малға деп алдым нанды. Алып ем арқа денесін көріп қалдым. Қорықтым да нанды алдым да, жүгіріп таксист балдарға бардым. Біздер бұны бірінші бала деп ойладық та, міне былай жатқаннан кейін біздер жас бала деп ойладық.

Юлия ЗАЙКИНА, КУӘГЕР:

Дәріханаға өтіп бара жатыр едім, полицейлер контейнерден мәйітті шығарып жатты. Жасы 35-40 шамасындағы әйел адам екен. Беті қатты соққыдан ба, қанталап кеткен. Аяқ киімі жоқ болды. Таза жамылғыға оралыпты, жастығы да тап-таза, тек жаймалар қанға малынған.  

Жергілікті тұрғындар бұл жағдайдан қатты шошынып қалғандарын айтады. Тіпті қоқыс төгуге жас балаларды енді жіберуге жүрексініп отырмыз дейді. Айтуларынша, өлген адам бұл маңның тұрғыны емес.

Мына жерде қырғын балалар көрді бағана мектептен осы жерден сүйек табылған кезде. Действительно қорқынышты жағдай. Жаңа бір сағаттың көлемінде полиция қызметкерлері келіп опрос жүргізіп жатыр, танисыздар ма деп, көрсетті сол кісіні. Бірақ танымаймыз. Көрген адамымыз емес.
 
Тұрғындардың айтуынша,  бұл қылмысты пәтерді жалға алғандар істеген болуы мүмкін.  Өйткені дәл осы төңіректе тәуліктік жалға берілетін үй  көп дейді.

Батырбек МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ТЕРГЕУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.  Қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Әзірге әйелдің неден, қалай қайтыс болғаны белгісіз.  Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.  

А. Төребекқызы