Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде сегіз жастағы қыз баланы зорлаған педофил 22 жылға сотталды

AstanaTV
02.02.2022ж. 20:00
1849
Ақтөбеде сегіз жастағы қыз баланы зорлаған педофил 22 жылға сотталды

Ақтөбеде сегіз жастағы қыз балаға зорлық жасаған педофил 22 жылға сотталды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы жеткіншекке  зорлық-зомбылық  жасап,   қашып кеткен. Еске салайық, оқиға былтыр   қыркүйекте болған. Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі жатақханалардың бірінде тұратын қыз бала сол күні үйінде жалғыз болған. Есік ұрып, үйге кірген белгісіз адам соны пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдік туғызатын дауыстарды естіген көршілері полицияға хабар берген.  
 
Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Сот үкімімен Б.Н.Нуржанов  кінәлі деп танылып, оған сот үкімдерінің және қылмыстардың жиынтығымен түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына педагогикалық лауызымдарын атқару және кәмелетке толмаған балалармен өмір бойына жұмыс жасаудан айыру жазасын тағайындап, төтенше қауіпсіз мекемеде өтеуді белгіледі. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Г. Сейтенова