$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде борышын өтеп жатқан сарбаз жоғалып кетті

AstanaTV
04.03.2022ж. 20:00
2325
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде борышын өтеп жатқан сарбаз жоғалып кетті

Жамбыл облысында  Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Андас батыр» бөлімінде  әскери борышын өтеп жатқан  сарбаз жоғалып кетті.  Аяқ астынан із түзсіз кеткен Ұлықбек Бердішевті әскерилер мен туыстары екі күннен бері аяғынан тік тұрып  іздеп , таба алмай жатыр.  19 жастағы сарбаз- Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Ол әскерге өткен жылдың қыркүйек айында келген. Әскери бөлімше таулы жерде орналасқандықтан застава қызметкерлері оны соңғы рет мал суаруға кеткенде көрдік дейді. Оның жоқ екенін  сарбаздар сапқа тұрған кезде ғана байқаған.

ЕРДОС МЫРЗАҒАЛИЕВ, САРБАЗ:

14:00 де жұмысқа бөлдім ат қора жаққа,тазалыққа жұмысқа бөлдім. Кейін 15:00-де тексеруге бардым. 15:00 де тексеруге барған кезде сол ат қораға тазалық істеп жүрді. Аттарды суғарып, шөбін сал деген тапсырма бердім. Одан кейін сол 15:00 мен 16:00 аралығында бала жоғалды.


Әскери қызметкерлер бірден полицияға хабар берген. Қазір әскерилер, де тәртіп сақшылары да тау тасты кезіп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Ал сарбаздың туыстары ол әскерден қашуы мүмкін еместігін айтады.  Оған біреулер қысым көрсетіп,  бір жерде ұстап отырған болуы мүмкін   деген күдік бар дейді.  Бірақ, анасы әскерге кеткелі баласынан бір шағым естімепті.  Оның жоғалып кеткені туралы хабар жеткен  соң   әкесі мен ағасы әскери бөлімге жедел жеткен. Қазір олар да әскерилермен бірге, Қазақ-Қырғыз шекарасының маңынан Ұлықбекті іздеп жүр.

Б. Жұмабайұлы