Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Конституциялық реформа - Қазақстанның дамуындағы жаңа дәуір

AstanaTV
12.05.2022ж. 20:00
1409
Конституциялық реформа - Қазақстанның дамуындағы жаңа дәуір

Конституциялық құқығымызды қорғауға, жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек "AMANAT" партиясының баспасөз орталығында науқанға қатысты осындай пікір білдірді. Саясаттанушылар елімізде сот жүйесіне қатысты әділдік мәселесі өткір тұрғанын атып өтті. Заңдық құқығы тапталған кез-келген қарапайым азамат конституциялық сотқа жүгіне алатынын жеткізді. Әрі адам құқығы толығымен қорғалады дейді.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, САЯСАТТАНУШЫ:


98 баптағы азаматтардың бекітілген құқықтары бұзылған жағдайда, ол конституциялық сотқа келіп өзіне қорғау таба алады. Конституциялық соттың шешімі кез-келген соттың шешімінен жоғары. Егер азамат мысалы сайлау туралы заңда, партия туралы заңда, кез-келген нормативтік заңда менің құқығым бұзылды деп келеді. Конституциялық сот егер осы шешімді егер шын мәнінде бұзылды десе ол нормалар алынып тастауға дейін барады. Яғни бұл жерде адам құқықтары, шын мәнінде мысалы, жоғары деңгейге көтерілгенін көріп отырмыз.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әр Қазақстанның азаматы мұқият мына конституцияға енгізілген ұсыныстарға қарап шығып, өзінің жергілікті жағдайына, өзінің бір құқықбұзушылығына, өзінің бір адами болсын азаматтық құқықтарының толыққанды қорғалуына бір осы конституциялық өзгерістерді өзіне тікелей байланысты табады. Жаңа Қазақстан осы реформадан басталады. Конституциялық құқығымызды қорғауға, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ә. Дүкембаева